Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығы.

      "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша:

      1) салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін салық мөлшерлемелерін белгілесін, салық базасын, салық салу объектілерін, салықтық кезеңді айқындау және салықтық міндеттемелерді орындау тәртібін;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілердің жекелеген санаттарын;

      3) мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың ерекше тәртібін;

      4) мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін айқындасын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметіне:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, шекті тарифтерді және Қазақстан Республикасының халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті азық-түлік пен басқа да тауарларға бағаларды белгілеу;

      2) Қазақстан Республикасының халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды әкелу мен әкету тәртібін айқындау құқығы берілсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады