"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына және "Қазақстан Республикасының Су кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына және "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімiнде № 11434 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қызылорда облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 334 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6851 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы", "Кызылординские вести" газеттерінде 2019 жылғы 25 шілдеде және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 30 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қызылорда облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті 45-сессиясының төрағасы | Ж. Ысқақ |
Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы | К. Бисенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы"
Республикалық мемлекеттік мекемесімен
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар
министрлігі Экологиялық реттеу
және бақылау комитетінің
Қызылорда облысы бойынша
экология департаменті"
Республикалық мемлекеттік мекемесімен
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қызылорда облысының
Полиция департаменті"
Мемлекеттік мекемесімен
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті
Қызылорда облысының тауарлар
мен көрсетілетін қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті"
Республикалық мемлекеттік мекемесімен
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі Төтенше
жағдайлар комитеті Қызылорда
облысының Төтенше жағдайлар департаменті"
Мемлекеттік мекемесімен
Қызылорда облыстық мәслихатының | |
2020 жылғы 29 мамыры | |
№ 436 шешіміне қосымша | |
Қызылорда облыстық мәслихатының | |
2019 жылғы 17 шілдедегі | |
№ 334 шешімімен бекітілген |
Қызылорда облысында ортақ су пайдалану қағидалары
1. Осы Қызылорда облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 37-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11434 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді және Қызылорда облысының өңірлік жағдайының ерекшелігін ескере отырып ортақ су пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.
4. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне жол берілмейді.
5. Экологиялық, техникалық және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.
6. Ортақ су пайдалануға:
1) шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін;
2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттарында;
3) кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;
4) мал суару үшін су объектілерін пайдалану жатады.
7. Шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін жер үсті су көздерінен су алу судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
8. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылысжайларындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша Қызылорда облысының әкімдігі белгілейді.
9. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының жер үстi су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берiлген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады.
Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртiбi, кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесi және оларды пайдалану қағидалары Кодекстің 105-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
10. Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда жол берiледi.
11. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Қызылорда облысының аумағындағы Сырдария өзенінде және Қызылорда облысы әкімдігімен белгіленбеген су объектілерінде шомылуға тыйым салынады.
12. Қызылорда облысының әкімдігі тиісті аумақтарда орналасқан су объектілерінің, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады.
13. Оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы, егер Қызылорда облыстық мәслихатының шешімдерінде өзгеше белгіленбесе, Кодекстің 67-бабының 3-тармағына және 68-бабының 4-тармағына сәйкес ортақ су пайдалану шарттары немесе оған тыйым салу туралы жариялайды.
14. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын жариялау үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы облыстың өкілді органына ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.
15. Қызылорда облыстық мәслихаты мәслихаттың кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға жолдайды.
16. Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.
17. Су пайдаланушы Қызылорда облыстық мәслихатынан оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға жол берілмейтіні және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.
18. Ортақ су пайдалану үшін су объектілерін пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар:
1) су объектілерін ұқыпты пайдалануы;
2) су объектілерін пайдаланудың белгіленген режимін сақтауы;
3) су объектілерінде мәдени, спорттық және басқа да іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауы;
4) су объектілерін және іргелес аумақтарын тиісті санитариялық нормаларға сай ұстауға, тұрмыстық, құрылыс және басқа да қалдықтармен қоқыстауға, іргелес аумақтарды ластаудың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды уақытылы жүзеге асыруы тиіс.
19. Ортақ су пайдаланудың су объектілерін пайдалану кезінде:
1) су объектісін ластауға және қоқыстауға;
2) шомылуға арналған орындарда киім жууға және жануарларды шомылдыруға;
3) ескерту немесе тыйым салу жазулары бар арнайы ақпараттық белгілер қойылмаған орындарда шомылуға;
4) арнайы ақпараттық белгілерді өз еркімен алып тастауға, бұзуға және жоюға;
5) аумақта жанар-жағар май материалдарын сақтауға;
6) көлікке жанар май құюды, жууды және жөндеуді жүзеге асыруға;
7) су объектілерінде және оларға тікелей жақын жерде кәмелетке толмаған балаларды үлкендердің қарауынсыз тастауға жол берілмейді.