Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 08.12.2021 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына және "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 20209 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған басым дақылдардың тiзбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормалары бекітілсін.
2. Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 1244 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6476 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 6 қарашада жарияланған);
2) "Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 1244 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 63 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6919 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 20 қыркүйекте жарияланған).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Д. Жахановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Г. Абдыкаликова |
Қызылорда облысы әкімдігінің | |
2020 жылғы 18 маусымы | |
№ 56 қаулысымен бекітілген |
Басым дақылдардың тiзбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормалары
№ | Басым дақылдың тізбесі | Бір тоннаға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидия нормасы, теңге |
1. | Күріш | 3500 |