Қызылорда облысы бойынша 2021 жылға арналған басым дақылдар тiзбесін және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 427 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 желтоқсанда № 25650 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2021 жылға арналған басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормалары, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі бекітілсін.

      2. "Басым дақылдардың тiзбесін және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 маусымдағы № 56 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7527 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Д. Жахановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Г. Абдыкаликова
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі

  Қызылорда облысы әкімдігінің
  2021 жылғы 8 желтоқсандағы
  № 427 қаулысымен бекітілген

Қызылорда облысы бойынша 2021 жылға арналған басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормалары, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі

Басым дақылдар тізбесі

Субсидия нормасы (1 тоннаға), теңге

Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі, теңге

1

Мақсары

17 370,0

46 899 000,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады