Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 09.11.2020 № 132 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8-бабына, "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11245 нөмірімен тіркелген) және Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі комиссия отырысының 2020 жылғы 19 мамырдағы № 02/1-6/2829 хаттамасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері бекітілсін.
2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Д. Жахановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Г. Абдыкаликова |
Қызылорда облысы әкімдігінің | |
2020 жылғы 26 маусымы | |
№ 62 қаулысымен бекітілген |
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері
№ | Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының атауы | Өлшем бірлігі | Мөлшері | Мерзімі |
1 | Тауық жұмыртқасы (І санатты) | 10 дана | 284 теңге | 90 күн |