"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екі пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Омаровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданының әкімі | М. Калдарбеков |
Қармақшы ауданының әкімі 2020 жылғы 20 қаңтары № 56 қаулысына қосымша |
2020 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар (ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екі пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны)
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Жұмыскерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі (пайыз) | Мүгедектер үшін жұмыс орындары ның саны (адам) |
1 | "Ақай ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің №19 "Балдәурен" бөбекжай-бақша" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 52 | 2 | 1 |
2 | "Жосалы кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің №21 "Тоғжан" бөбекжай-бақша" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 60 | 2 | 1 |
3 | "Жосалы кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 70 | 2 | 2 |
4 | "Қармақшы аудандық білім бөлімінің С.Есқараев атындағы №27 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 61 | 2 | 1 |