"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабының 5-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қармақшы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 323 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқынлдау туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7409 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 06 мамырда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
3-2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3-2. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Бөлімге немесе порталға тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.";
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Көпбалалы отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік бөлім және/немесе портал арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
2) көпбалалы отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;
3) жылжымайтын мүлiктiң болуы (болмауы) туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
4) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
5) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;
6) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
7) банктік шоты;
8) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;
9) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
10) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
11) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот.
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.";
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының Қармақшы ауданы тұрғындары үшін 12 пайыз, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.";
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:
1) Электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:
1 адамға – 70 киловатт;
2 адамға – 140 киловатт;
3 және одан да көп адамға – 210 киловатт.
2) Газ пайдалану нормалары 1 айға:
4 адамға дейін – 10 килограмм;
4 және одан да көп адамға – 20 килограмм.
3) Отын пайдалану от жағу маусымына:
отбасына (азаматқа) айына – 1 тонна.
Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін:
4) ыстық және салқын су - ай сайын 1 адамға тариф бойынша;
5) жалпы үй қажеттіліктері – ай сайын 1 адамға тариф бойынша;
6) тұрғын үйдi күтiп ұстау ай сайын:
1 адамға - 18 шаршы метр;
жалғыз басты қарттар мен мүгедектер үшiн - 30 шаршы метр;
7) жылумен жабдықтау ай сайын:
1 адамға - 18 шаршы метр;
жалғыз басты қарттар мен мүгедектер үшiн – 30 шаршы метр;
8) тұрмыстық қалдықтар шығару - ай сайын 1 адамға тариф бойынша;
9) кәрiз қызметтерi - ай сайын 1 адамға тариф бойынша;
10) лифт - әр отбасына тариф бойынша.
Тұрғын үйді қамтамасыз етуге қажетті сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқысшығару шығыстарын пайдалану нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы | Б. Нысанбаев |
Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы | М. Наятұлы |