Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 467 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 маусымда № 7538 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормалары, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Жаңақорған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 361 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізудің қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5396 нөмірімен тіркелген, "Жаңақорған тынысы" газетінде 2016 жылғы 19 наурызда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 20 сәуірде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған аудандық мәслихатының кезектен тыс ХLVI сессиясының төрағасы А. Кыстаубаева
      Жаңақорған аудандық мәслихат хатшысы Е. Ильясов

  Жаңақорған аудандық маслихатының
  2020 жылғы 25 маусымы
  № 467 шешіміне қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормалары, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен олардың шекті толу нормалары

      1. Жаңақорған ауданы аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мынадай арнайы орындар мен олардың шекті толу нормалары айқындалсын:

      1) Жаңақорған кенті:

      Б. Дүйсенбаев көшесі бойында орналасқан "Қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған аллеясы", шекті толу нормасы - 200 адамға дейін;

      Хорасан-Ата көшесі бойында орналасқан "Praim Park" саябағы автотұрағының аумағы, шекті толу нормасы - 250 адамға дейін;

      2) Шалқия кенті Қаныш Сатбаев көшесі №1 үй тұсындағы бос алаң, шекті толу нормасы - 250 адамға дейін;

      3) Талап ауылдық округі Бесарық бекеті, Тәуелсіздік көшесі №14 үйдің қарсы бетіндегі бос алаң, шекті толу нормасы - 250 адамға дейін;

      4) Машбек Нәлібаев ауылдық округі Абылайхан көшесі №8 үй тұсындағы бос алаң, шекті толу нормасы - 90 адамға дейін;

      5) Төменарық ауылдық округі Құдабай Наурызбаев көшесі №1 "Б" үй тұсындағы бос алаң, шекті толу нормасы - 160 адамға дейін;

      6) Кейден ауылдық округі Сырдария көшесі №44 үй тұсындағы бос алаң, шекті толу нормасы –100 адамға дейін;

      7) Манап ауылдық округі Пірімқұл Керімқұлұлы көшесі №21 үй тұсындағы бос алаң, шекті толу нормасы - 80 адамға дейін;

      8) Қожамберді ауылдық округі Байкенже Жантілесов көшесі №2 үй тұсындағы бос алаң, шекті толу нормасы - 90 адамға дейін;

      9) Ақүйік ауылдық округі Палуан Бейсенбайұлы көшесі №74 үй тұсындағы бос алаң, шекті толу нормасы - 200 адамға дейін;

      10) Өзгент ауылдық округі Исатай Абдукаримов көшесі №14 үй тұсындағы бос алаң, шекті толу нормасы - 150 адамға дейін;

      11) Сунақата ауылдық округі Сығанақ көшесі № 33 үй тұсындағы бос алаң, шекті толу нормасы - 120 адамға дейін;

      12) Байкенже ауылдық округі Қалкөз Сіргебайұлы көшесінің бойындағы "Бейсенбек Ақылбекұлы" атындағы саябақ тұсындағы бос алаң, шекті толу нормасы - 100 адамға дейін;

      13) Бесарық ауылдық округі Файзулла Көзібаев даңғылы мен атауы жоқ жаңа көше қиылысындағы бос алаң, шекті толу нормасы - 200 адамға дейін;

      14) Қожакент ауылдық округі Арапбек Абиев №21 үй тұсындағы бос алаң, шекті толу нормасы - 90 адамға дейін;

      15) Қосүйеңкі ауылдық округі Бибіш Смағұлова көшесі №19 үй тұсындағы бос алаң, шекті толу нормасы - 70 адамға дейін;

      16) Аққорған ауылдық округі Нұртай Палымбетов көшесі № 1 "Б" үй тұсындағы бос алаң, шекті толу нормасы - 80 адамға дейін;

      17) Екпінді ауылдық округі Бекжұман ата көшесі №18 үй тұсындағы бос алаң, шекті толу нормасы - 160 адамға дейін;

      18) Көктөбе ауылдық округі Бейбітшілік көшесі №7 үй тұсындағы бос алаң, шекті толу нормасы - 90 адамға дейін;

      19) Қаратөбе ауылдық округі Нағима Бодықова көшесі №15 үй тұсындағы бос алаң, шекті толу нормасы - 80 адамға дейін;

      20) Қыркеңсе ауылдық округі Төле би мен Тасу Қабанов көшелерінің қиылысындағы бос алаң, шекті толу нормасы - 40 адамға дейін;

      21) Жаңарық ауылдық округі Абай Құнанбаев көшесі №21 үй тұсындағы бос алаң, шекті толу нормасы - 70 адамға дейін;

      22) Жайылма ауылдық округі Төленбек Құдиярұлы көшесі № 10 үй тұсындағы бос алаң, шекті толу нормасы – 80 адамға дейін;

      23) Сүттіқұдық ауылдық округі Ыбырай Алтынсарин көшесі № 27 үй тұсындағы бос алаң, шекті толу нормасы – 140 адамға дейін;

      24) Келінтөбе ауылдық округі Мұхтар Әуезов көшесі №16 "А" клуб үйінің тұсындағы бос алаң, шекті толу нормасы – 100 адамға дейін;

      25) Қандөз ауылдық округі Әбсадық Әбсеметов көшесі № 15 үй тұсындағы бос алаң, шекті толу нормасы – 60 адамға дейін;

      26) Қыраш ауылдық округі Бейбітшілік көшесі №6 үй тұсындағы бос алаң, шекті толу нормасы – 160 адамға дейін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 16.08.2024 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Жаңақорған кенті бойынша бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін жүру бағыты:

      Абай Құнанбаев көшесі №№ 92-154 тұрғын үйлер аралығы, шекті толу нормасы - 250 адамға дейін;

      Б. Дүйсенбаев көшесі №1 тұрғын үйден бастап Әл-Мумин мешітіне дейін, шекті толу нормасы - 200 адамға дейін;

      Бейбіт жиналыстарға қатысушылардың болжамды саны бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормаларынан асып кетпеуі тиіс.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 16.08.2024 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Алынып тасталды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 16.08.2024 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      4. Алынып тасталды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 16.08.2024 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі

      5. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9:00 ден ерте бастауға және сағат 20:00 ден кеш аяқтауға болмайды. Пикеттеу ұзақтығы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде, дәл сол бір объектіде күніне 2 сағаттан аспауға тиіс.

      6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін Жаңақорған ауданының әкімдігі бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      7. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде, дәл сол бір уақытта, дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге жол берілмейді.

      8. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда тазалықты сақтауы және тәртіпті қолдауы, қалалар мен елді-мекендердің абаттандыру элементтерінің (жолдар, тротуарлар, көгалдар, шағын сәулеттік нысандар, жарықтандыру, су бұрулар) зақымдануына және бұзылуына жол бермеуі, сонымен қатар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 2-тармағы және 6-бабының 2-тармағында белгіленген міндеттерді сақтауы тиіс.

      9. Ішкі істер органдары өзінің құзыреті шегінде бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде қоғамдық тәртіп сақтауды, адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғауды, жол қозғалысын реттеуді, өрт қауіпсіздігін, жаппай тәртіпсіздіктің және топтасып бағынбаушылықтың жолын кесуді қамтамасыз етеді.

      10. Денсаулық сақтау ұйымдары өзінің құзыреті шегінде бейбіт жиналыстарды өткізу кезіндегі науқастарды қабылдауды және медициналық көмек көрсетуді жүзеге асырады.

      11. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыға және қатысушыларға мыналарға тыйым салынады:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзуға, жаппай тәртіпсіздіктерге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға үндеуге, билікті басып алуға немесе ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге насихаттауға немесе жария үндеуге;

      2) көліктің, инфрақұрылым объектілерінің іркіліссіз жұмыс істеуіне, жасыл екпелер мен шағын сәулет нысандарының, өзге де мүліктің сақталуына бөгет жасайтын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарға қатыспайтын азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіретін әрекеттер жасауға;

      3) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың адам мен азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін орындауы кезінде олардың қызметіне кедергі келтіруге;

      4) өзімен бірге суық, атыс қаруын және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншігіне материалдық нұқсан келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін арнайы дайындалған немесе бейімделген нәрселерді (заттарды, бұйымдарды) алып жүруге;

      5) алкоголь өнімін, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді таратумен және (немесе) тұтынумен айналысуға, сондай-ақ алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуға;

      6) денсаулықты сақтауға арналған жеке қорғаныш құралдарын қоспағанда, бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім-кешекті және (немесе) өзге де заттарды пайдалануға;

      7) және жасағаны үшін жауапкершілігі қолданыстағы заңнамаларда белгіленген өзге де құқыққа қарсы әрекеттер.

      12. Бейбіт жиналыстарды тоқтату үшін мыналар негіздер болып табылады:

      1) азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қоғамдық тәртіпке және (немесе) қоғамдық қауіпсіздікке нақты қатердің төнуі, мүлікке, оның ішінде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынның шекті толу нормасынан асып түсу салдарынан нұқсан келтіру;

      2) әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыру, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығына қол сұғуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің басқа да ережелерін бұзуға үндеулер;

      3) бейбіт жиналыстарды өткізу нысанын өзгерту;

      4) Заңның 17-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайлар басталғанда;

      5) ұйымдастырушының бейбіт жиналыс өткізуден бас тартуы;

      6) бейбіт жиналыс өткізу уақытының өтуі.

      Жаңақорған ауданы әкімдігінің өкілі бейбіт жиналыстарды тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан не оларға қатысушылардан бейбіт жиналыстарды өз еркімен тоқтатуды талап етеді және бейбіт жиналыстарды тоқтату туралы талапты орындау үшін уақыт белгілейді.

      Бейбіт жиналыстарды тоқтату туралы талап орындалмаған жағдайда ішкі істер органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бейбіт жиналыстарды мәжбүрлеп тоқтату жөнінде қажетті шараларды қолданады.

      13. Мемлекеттік органдардың, Жаңақорған ауданы әкімдігінің, олардың лауазымды адамдарының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

3. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      14. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мүмкіндігіне қарай сыртқы электрлік жарықтандыру қондырғылармен, электр желілеріне қосылатын нүктелермен, қоқысқа арналған құтылармен, ішкі істер органдарының Жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау жүйелерімен қамтылуы, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтерге сәйкес абаттандырылған болуы қажет.

      15. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      16. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруды және өткізу үшін арнайы орындарда жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың, қызметі Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған заңды тұлғаның, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың қаржыландыруына тыйым салынады.

      17. Жаңақорған ауданы әкімдігінің келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады.

4. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      18. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары мынадай болып айқындалсын:

      1) жаппай жерлеу орындарына іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілеріне іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс -тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарға, ұлттық электр желісіне, магистральдық байланыс желілеріне іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 16.08.2024 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования и норм их предельной заполняемости, требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест, а также границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

Решение Жанакорганского районного маслихата Кызылординской области от 25 июня 2020 года № 467. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 26 июня 2020 года № 7538.

      В соответствии с подпунктами 1) и 2) пункта 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" Жанакорганский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить специализированные места для организации и проведения мирных собраний, порядок их использования и нормы их предельной заполняемости, требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест, а также границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Жанакорганского районного маслихата от 12 февраля 2016 года № 361 "Об утверждении правил проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 5396, опубликовано в газете "Жаңақорған тынысы" от 19 марта 2016 года и в информационно-правовой системе "Әділет" 20 апреля 2016 года).

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной ХLVI сессии Жанакорганского районного маслихата А. Кыстаубаева
      Секретарь Жанакорганского районного маслихата Е. Ильясов

  Приложение к решению
  Жанакорганского районного маслихата
  от 25 июня 2020 года № 467

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний, порядок их использования и нормы их предельной заполняемости, требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест, а также границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

      Сноска. Приложение с изменениями, внесенными решением Жанакорганского районного маслихата Кызылординской области от 16.08.2024 № 231 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

1. Специализированные места для организации и проведения мирных собраний и нормы их предельной заполняемости

      1. Определить следующие специализированные места для организации и проведения мирных собраний и нормы их предельной заполняемости на территории Жанакорганского района:

      1) поселок Жанакорган:

      "Аллея памяти жертв репрессий", расположенного по улице Б.Дуйсенбаева, норма предельной заполняемости - до 200 человек;

      территория автостоянки парка "Praim Park", расположенного по улице Хорасан-Ата, норма предельной заполняемости - до 250 человек;

      2) поселок Шалкия свободная площадь возле дома №1 по улице Каныша Сатбаева, норма предельной заполняемости - до 250 человек;

      3) сельский округ Талап, станция Бесарык, свободная площадь напротив дома №14 по улице Тауелсиздик, норма предельной заполняемости - до 250 человек;

      4) сельский округ Машбек Налибаев свободная площадь возле дома №8 по улице Абылайхана, норма предельной заполняемости - до 90 человек;

      5) сельский округ Томенарык, свободная площадь возле дома № 1 "Б" по улице Кудабая Наурызбаева, норма предельной заполняемости - до 160 человек;

      6) сельский округ Кейден, свободная площадь возле дома №44 по улице Сырдарья, норма предельной заполняемости - до 100 человек;

      7) сельский округ Манап, свободная площадь возле дома № 21 по улице Примкула Керимкулулы, норма предельной заполняемости - до 80 человек;

      8) сельский округ Кожамберди, свободная площадь возле дома №2 по улице Байкенже Жантилесова, норма предельной заполняемости - до 90 человек;

      9) сельский округ Акуюк, свободная площадь возле дома №74 по улице Палуан Бейсенбайулы, норма предельной заполняемости -до 200 человек;

      10) сельский округ Озгент, свободная площадь возле дома № 14 по улице Исатая Абдукаримова, норма предельной заполняемости - до 150 человек;

      11) сельский округ Сунаката, свободная площадь возле дома № 33 по улице Сыганак, норма предельной заполняемости - до 120 человек;

      12) сельский округ Байкенже, свободная площадь возле парка имени "Бейсенбек Ақылбекұлы" по улице Калкоз Сыргебайулы, норма предельной заполняемости - до 100 человек;

      13) сельский округ Бесарык, свободная площадь на пересечении проспекта Файзуллы Козибаева и новой безымянной улицы, норма предельной заполняемости - до 200 человек;

      14) сельский округ Кожакент, свободная площадь возле дома №21 по улице Арапбека Абиева, норма предельной заполняемости -до 90 человек;

      15) сельский округ Косуйенки, свободная площадь возле дома №19 по улице Бибиш Смагулова, норма предельной заполняемости - до 70 человек;

      16) сельский округ Аккорган, свободная площадь дома № 1 "Б" по улице Нуртая Палымбетова, норма предельной заполняемости - до 80 человек;

      17) сельский округ Екпинди, свободная площадь №18 по улице Бекжумана ата, норма предельной заполняемости - до 160 человек;

      18) сельский округ Коктобе, свободная площадь возле дома №7 по улице Бейбитшилик, норма предельной заполняемости -до 90 человек;

      19) сельский округ Каратобе, свободная площадь по улице Нагимы Бодыковой №15, норма предельной заполняемости - до 80 человек;

      20) сельский округ Кыркенсе, свободная площадь на пересечении улиц Толе би и Тасу Кабанова, норма предельной заполняемости - до 40 человек;

      21) сельский округ Жанарык, свободная площадь возле дома №21 по улице Абая Кунанбаева, норма предельной заполняемости - до 70 человек;

      22) сельский округ Жайылма, свободная площадь возле дома №10 по улице Толенбека Кудиярулы, норма предельной заполняемости - до 80 человек;

      23) сельский округ Суттикудык, свободная площадь возле дома №27 по улице Ыбырая Алтынсарина, норма предельной заполняемости - до 140 человек;

      24) сельский округ Келинтобе, свободная площадь возле клуба по улице Мухтара Ауезова №16 "А", норма предельной заполняемости - до 100 человек;

      25) сельский округ Кандоз, свободная площадь возле дома №15 по улице Абсадыка Абсеметова, норма предельной заполняемости - до 60 человек;

      26) сельский округ Кыраш, свободная площадь возле дома №6 по улице Бейбитшилик, норма предельной заполняемости - до 160 человек;

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными решением Жанакорганского районного маслихата Кызылординской области от 16.08.2024 № 231 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Маршрут следования для организации и проведения мирных собраний по поселку Жанакорган:

      улица Абая Кунанбаева между жилыми домами №№92-154, норма предельной заполняемости - до 250 человек;

      улица Б.Дуйсенбаева от жилого дома №1 до мечети Аль-Мумин, норма предельной заполняемости - до 200 человек;

      Предполагаемое количество участников мирных собраний не должны превышать нормы предельной заполняемости специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      Сноска. Пункт 2 – в редакции решения Жанакорганского районного маслихата Кызылординской области от 16.08.2024 № 231 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      3. Исключен решением Жанакорганского районного маслихата Кызылординской области от 16.08.2024 № 231 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      4. Исключен решением Жанакорганского районного маслихата Кызылординской области от 16.08.2024 № 231 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

2. Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний

      5. Мирные собрания не могут начинаться ранее 9 часов и заканчиваться позднее 20 часов по местному времени в день проведения мирных собраний. Продолжительность пикетирования не должна превышать 2 часов в день в одном и том же месте у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      6. В случае, если на проведение мирного собрания в одном и том же месте и (или) по одному и тому же маршруту следования либо в одно и то же время одновременно претендует несколько организаторов мирных собраний, очередность использования указанного места определяется акиматом Жанакорганского района исходя из времени получения им соответствующего уведомления или заявления от организатора мирных собраний.

      7. Не допускается проведение двух и более пикетов в одном и том же месте в одно и то же время у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      8. Организаторы и участники мирных собраний на специализированных местах для организации и проведения мирных собраний должны соблюдать чистоту и поддерживать порядок, не допускать повреждения и разрушения элементов благоустройства (дорог, тротуаров, газонов, малых архитектурных форм, освещения, водоотвода) городов и населенных пунктов, а также обязанности, указанные в пункте 2 статьи 5 и пункте 2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" (далее - Закон).

      9. Органы внутренних дел в пределах своей компетенции обеспечивают при проведении мирных собраний защиту жизни, здоровья, прав и свобод человека и гражданина от противоправных посягательств, охрану общественного порядка, регулирование дорожного движения, пожарную безопасность, пресечение массовых беспорядков и групповых неповиновений.

      10. Организации здравоохранения в пределах своей компетенции осуществляет при проведении мирных собраний прием больных и оказание медицинской помощи.

      11. Организатору и участникам мирных собраний запрещаются следующие действия:

      1) призывать к нарушению Конституции Республики Казахстан, законов и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан, массовым беспорядкам, разжиганию социальной, расовой, национальной, религиозной, сословной и родовой розни, пропагандировать или публично призывать к захвату или удержанию власти, насильственному изменению конституционного строя Республики Казахстан;

      2) совершать действия, которые создают помехи для бесперебойного функционирования транспорта, объектов инфраструктуры, сохранности зеленых насаждений и малых архитектурных форм, иного имущества, а также препятствуют свободному передвижению граждан, не участвующих в мирных собраниях;

      3) препятствовать деятельности государственных органов, организаций, должностных лиц при выполнении ими комплекса мер по защите жизни, здоровья, прав и свобод человека и гражданина, интересов общества и государства, охране общественного порядка и обеспечению общественной безопасности при проведении мирных собраний;

      4) иметь при себе холодное, огнестрельное и иное оружие, а также специально подготовленные или приспособленные предметы (вещества, изделия), которые могут быть использованы против жизни и здоровья людей, для причинения материального ущерба гражданам и собственности юридических лиц;

      5) заниматься распространением и (или) потреблением алкогольной продукции, наркотических средств, психотропных веществ, их аналогов, а также находиться в состоянии алкогольного, наркотического и (или) токсикоманического опьянения;

      6) использовать предметы одежды и (или) иные средства, препятствующие распознаванию лица, за исключением средств индивидуальной защиты, направленных на охрану здоровья;

      7) и другие противоправные действия, за совершение которых предусмотрена установленная действующим законодательством ответственность.

      12. Основаниями для прекращения мирных собраний являются:

      1) создание реальной угрозы жизни и здоровью граждан, общественному порядку и (или) общественной безопасности, причинение ущерба имуществу, в том числе в результате превышения нормы предельной заполняемости специализированного места для организации и проведения мирных собраний;

      2) разжигание социальной, расовой, национальной, религиозной, сословной и родовой розни, призывы к насильственному свержению конституционного строя Республики Казахстан, посягательству на территориальную целостность Республики Казахстан, а также нарушение других положений Конституции Республики Казахстан, законов и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) изменение формы проведения мирных собраний;

      4) наступление случаев, указанных в пункте 3 статьи 17 Закона;

      5) отказ организатора от проведения мирного собрания;

      6) истечение времени проведения мирного собрания.

      Представитель акимата Жанакорганского района в случае принятия решения о прекращении мирных собраний требует от организатора либо участников мирных собраний добровольно прекратить мирные собрания и устанавливает время для выполнения требования о прекращении мирных собраний.

      В случае невыполнения требования о прекращении мирных собраний сотрудники органов внутренних дел принимают необходимые меры по принудительному прекращению мирных собраний в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      13. Решения и действия (бездействие) государственных органов, акимата Жанакорганского района их должностных лиц могут быть обжалованы в порядке, установленном законами Республики Казахстан.

3. Требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний

      14. Специализированные места для организации и проведения мирных собраний по возможности должны быть обеспечены установками наружного электрического освещения, точками подключения к электрическим сетям, урнами для мусора, системами видеонаблюдения подключенных к Центрам оперативного управления органов внутренних дел, а также, благоустроенными территориями в соответствии с нормативами в области архитектуры, градостроительства и строительства.

      15. Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется их организатором и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний, если настоящим Законом и иными законами Республики Казахстан не установлено иное.

      16. Запрещается финансирование организации и проведение мирных собраний физическими лицами и (или) юридическими лицами, включенными в перечень организаций и лиц, связанных с финансированием распространения оружия массового уничтожения, и (или) в перечень организаций и лиц, связанных с финансированием терроризма и экстремизма, юридическим лицом, деятельность которого приостановлена или запрещена в установленном законом Республики Казахстан порядке, иностранцами, лицами без гражданства и иностранными юридическими лицами.

      17. Запрещается установление юрт, палаток, иных сооружений в специализированных местах для организации и проведения мирных собраний без согласия акимата Жанакорганского района.

4. Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

      18. Определить следующие границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования:

      1) в 800 метрах от границы территорий, прилегающих к местам массовых захоронений;

      2) в 800 метрах от границы территорий, прилегающих к объектам железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта;

      3) в 800 метрах от границы территорий, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) в 800 метрах от границы территорий, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) в 800 метрах от границы территорий, прилегающих к магистральным железнодорожным сетям, магистральным трубопроводам, национальной электрической сети, магистральным линиям связи.

      Сноска. Пункт 18 – в редакции решения Жанакорганского районного маслихата Кызылординской области от 16.08.2024 № 231 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).