"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 11 мамырдағы № 05-16/125 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5856 болып тіркелген, 2017 жылы 14 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған аудандық мәслихатының кезекті ХLVІІІ сессиясының төрағасы | Н. Колжанов |
Жаңақорған аудандық мәслихат хатшысы | Е. Ильясов |