"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 қыркүйектегі №123 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 403 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 сәуірде № 7397 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 430 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 16.09.2020 № 430 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 123 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5972 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 6 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      5-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) 9 мамыр – Жеңіс күніне орай:

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет және 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай қосымша біржолғы төлем 500 000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, атап айтқанда: Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға – 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет және 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай қосымша біржолғы төлем 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      екiншi рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың әйелдерiне (күйеулерiне) 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай біржолғы төлем 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға, атап айтқанда:

      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай біржолғы төлем 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде.".

      5- тармақтың 3) тармақшасының соңғы абзацы алынып тасталсын.".

      11-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сырдария аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Ж. Ембергенов
      Сырдария аудандық
мәслихат хатшысы
Е. Әжікенов
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы"
мемлекеттік мекемесі

О внесении изменений в решение Сырдарьинского районного маслихата от 12 сентября 2017 года №123 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Сырдарьинского районного маслихата Кызылординской области от 16 апреля 2020 года № 403. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 17 апреля 2020 года № 7397. Утратило силу решением Сырдарьинского районного маслихата Кызылординской области от 16 сентября 2020 года № 430

      Сноска. Утратило силу решением Сырдарьинского районного маслихата Кызылординской области от 16.09.2020 № 430 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и статьей 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" Сырдарьинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Сырдарьинского районного маслихата от 12 сентября 2017 года № 123 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 5972, опубликовано 6 октября 2017 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:

      подпункт 1) пункта 5 изложить в новой редакции:

      "1) ко Дню Победы - 9 мая:

      Участникам и инвалидам Великой Отечественной войны – раз в год в размере 40 месячных расчетных показателей и дополнительная единовременная выплата к 75 летию Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 годов в размере 500 000 (пятьсот тысяч) тенге;

      другим категориям лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам войны, а именно: лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны– раз в год в размере 30 месячного расчетного показателя и дополнительная единовременная выплата к 75 летию Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 годов в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      женам (мужьям) умерших инвалидов войны и приравненных к ним инвалидов, а также женам (мужьям) умерших участников войны, которые не вступали в другой брак единовременная выплата к 75 летию Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 годов в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      гражданам, имеющим право на получение специального государственного пособия в соответствии с Законом Республики Казахстан от 5 апреля 1999 года "О специальном государственном пособии в Республике Казахстан", а именно: проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны единовременная выплата к 75 летию Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 годов в размере 100000 (сто тысяч) тенге.".

      Последний абзац подпункта 3) пункта 5 исключить.

      Подпункт 2) пункта 11 исключить.

      2. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии Сырдарьинского
районного маслихата
Ж. Ембергенов
      Секретарь Сырдарьинского
районного маслихата
Е. Әжікенов
      "СОГЛАСОВАНО"
Государственное учреждения
"Управление координации
занятости и социальных программ
Кызылординской области"