“Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1."Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қазандағы № 30/3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6506 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларының 5-тармағы алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шиелі аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы |
П. Маханбет |
Шиелі аудандық мәслихат хатшысы |
Б. Сыздық |