"Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қазандағы №30/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 наурыздағы № 51/3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 наурызда № 7327 болып тіркелді

      “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1."Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қазандағы № 30/3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6506 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларының 5-тармағы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
П. Маханбет
      Шиелі аудандық
мәслихат хатшысы
Б. Сыздық

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады