Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 30.07.2020 № 57/10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 қарашадағы № 15/8 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6045 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
5-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) 9 мамыр – Жеңіс күніне орай:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет және 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай 500 000 теңге, қосымша 500 000 теңге мөлшерінде біржолғы төлем;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.