"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 қарашадағы № 15/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 54/2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 маусымда № 7500 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 57/10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 30.07.2020 № 57/10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 қарашадағы № 15/8 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6045 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      5-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) 9 мамыр – Жеңіс күніне орай:

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет және 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай 500 000 теңге, қосымша 500 000 теңге мөлшерінде біржолғы төлем;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы К. Шәукебаев
      Шиелі аудандық мәслихат хатшысы Б. Сыздық
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қызылорда облысының жұмыспен
      қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
      бағдарламалар басқармасы"
      мемлекеттік мекемесімен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады