"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 3 қорытындысына сәйкес, Ақтоған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шиелі ауданы, Ақтоған ауылдық округі, Досбол датқа ауылының жаңадан ашылған атауы жоқ көшесіне "Пазылхан Қалышев" есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы Г.Жүзбаеваға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтоған ауылдық округінің әкімі | Е. Ахметов |