Жаңа көшеге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ақтоған ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 02-1/7 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 мамырда № 7431 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 3 қорытындысына сәйкес, Ақтоған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шиелі ауданы, Ақтоған ауылдық округі, Досбол датқа ауылының жаңадан ашылған атауы жоқ көшесіне "Пазылхан Қалышев" есімі берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы Г.Жүзбаеваға жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоған ауылдық округінің әкімі Е. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады