"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 19 қыркүйектегі № 1 қорытындысына сәйкес Жуантөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жуантөбе ауылдық округі Алғабас ауылының келесі көшелеріне:
1) №18 кварталдағы атауы жоқ көшеге "Бәйтерек" атауы;
2) №19 кварталдағы атауы жоқ көшеге "Бейбітшілік" атауы;
3) №24 кварталдағы атауы жоқ көшеге "Сарыбел" атауы;
4) №26 кварталдағы атауы жоқ көшеге "Бижігітов Машрап" есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жуантөбе ауылдық округінің әкімі | Ә. Бегайдаров |