Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жуантөбе ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 605 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 маусымда № 7512 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 19 қыркүйектегі № 1 қорытындысына сәйкес Жуантөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жуантөбе ауылдық округі Алғабас ауылының келесі көшелеріне:

      1) №18 кварталдағы атауы жоқ көшеге "Бәйтерек" атауы;

      2) №19 кварталдағы атауы жоқ көшеге "Бейбітшілік" атауы;

      3) №24 кварталдағы атауы жоқ көшеге "Сарыбел" атауы;

      4) №26 кварталдағы атауы жоқ көшеге "Бижігітов Машрап" есімі берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жуантөбе ауылдық округінің әкімі Ә. Бегайдаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады