"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 3 қорытындысына сәйкес Шиелі кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шиелі ауданы Шиелі кентінің келесі көшелеріне:
1) № 7 атауы жоқ жаңа көшеге "Әбдіманап Шорабаев" есімі;
2) № 12 кварталдағы атауы жоқ жаңа көшеге "Перуза Жүсіпқызы" есімі;
3) № 4 кварталдағы атауы жоқ жаңа көшеге "Әби Едігеев" есімі;
4) № 14 атауы жоқ жаңа көшеге "Тәуелсіздік" атауы;
5) № 15 атауы жоқ жаңа көшеге "Есмағай Ділманов" есімі;
6) № 1 кварталдағы атауы жоқ жаңа көшеге "Сыздық Нүркеев" есімі;
7) № 2 кварталдағы атауы жоқ жаңа көшеге "Әбжәлел Омаров" есімі;
8) № 3 атауы жоқ жаңа көшеге "Оразбек Сапарбаев" есімі;
9) № 1 атауы жоқ жаңа көшеге "Тұтқабай Молдырайымов" есімі;
10) № 2 атауы жоқ жаңа көшеге "Тұрғанбек Қосаев" есімі;
11) № 3 атауы жоқ жаңа көшеге "Әзиз Ырзахметов" есімі;
12) № 12 атауы жоқ жаңа көшеге "Иманберді Құтышев" есімі;
13) № 8 атауы жоқ жаңа көшеге "Орынбасар Бәйімбетов" есімі;
14) № 9 атауы жоқ жаңа көшеге "Сейілбек Шаухаманов" есімі;
15) № 11 атауы жоқ жаңа көшеге "Шырынкүл Қазанбаева" есімі;
16) № 10 атауы жоқ жаңа көшеге "Абдолла Дәулетов" есімі
17) № 4 атауы жоқ жаңа көшеге "Жарылқасын Тұрабаев" есімі;
18) № 5 атауы жоқ көшеге "Қален Әбдешев" есімі;
19) № 16 атауы жоқ жаңа көшеге "Шәймерден Бәкіров" есімі;
20) атауы жоқ жаңа көшеге "Молдахмет Мырзахметов" есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шиелі кентінің әкімі | Ғ. Аманжолов |