"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 2 қорытындысына сәйкес Шиелі кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шиелі ауданы, Шиелі кенті, "Шұғыла" мөлтек ауданындағы жаңа атауы жоқ көшеге "Руслан Бөлебай" есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Шиелі кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ә.Алдабергеновке жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шиелі кентінің әкімі | Ғ. Аманжолов |