Жаңа көшеге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кенті әкімінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 2285 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 желтоқсанда № 7936 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 2 қорытындысына сәйкес Шиелі кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шиелі ауданы, Шиелі кенті, "Шұғыла" мөлтек ауданындағы жаңа атауы жоқ көшеге "Руслан Бөлебай" есімі берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Шиелі кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ә.Алдабергеновке жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі кентінің әкімі Ғ. Аманжолов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады