Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ш.С. Хамиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.А. Қашақовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | С. Трумов |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2020 жылғы 5 наурыздағы № 38 | |
қаулысына қосымша |
Маңғыстау облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 338 "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2898 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 188 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 338 "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3101 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 75 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 338 "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3354 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).
4. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 267 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 338 "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3463 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).
5. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 25 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 338 "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3821 болып тіркелген, 2019 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).