Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 74 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 мамырда № 4204 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 "Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" және 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" қаулыларына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының келесідей шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

      1) шарттар:

      мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;

      бағалы қағаздардың түрі – төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Шаңырақ" пилоттық жобасы бойынша кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органы шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

      2) көлемі – 4 038 037 000 (төрт миллиард отыз сегіз миллион отыз жеті мың) теңгеден аспайды;

      3) нысаналы мақсаты - төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Шаңырақ" пилоттық жобасы бойынша кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.

      2. "Маңғыстау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Қ.С. Берішбаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ә.С. Қыраубаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі С. Трумов

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Мангистауской области

Постановление акимата Мангистауской области от 6 мая 2020 года № 74. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 6 мая 2020 года № 4204

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Кахахстан от 15 марта 2020 года № 285 "О введении чрезвычайного положения в Республике Казахстан", постановлениями Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2019 года № 1054 "Об утверждении Государственной программы жилищно-коммунального развития "Нұрлы жер" на 2020 - 2025 годы" и от 20 марта 2020 года № 126 "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 16 марта 2020 года № 287 "О дальнейших мерах по стабилизации экономики", акимат Мангистауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить следующие условия, объем и целевое назначение выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Мангистауской области для обращения на внутреннем рынке:

      1) условия:

      год выпуска государственных ценных бумаг – 2020 год;

      вид ценных бумаг – государственные ценные бумаги, выпускаемые местным исполнительным органом Мангистауской области для финансирования строительства кредитного жилья по пилотному проекту "Шанырақ" в период действия чрезвычайного положения в рамках реализации Государственной программы жилищно-коммунального развития "Нұрлы жер" на 2020 – 2025 годы;

      2) объем – не более 4 038 037 000 (четырех миллиардов тридцати восьми миллионов тридцати семи тысяч) тенге;

      3) целевое назначение – финансирования строительства кредитного жилья по пилотному проекту "Шанырақ" в период действия чрезвычайного положения в рамках реализации Государственной программы жилищно-коммунального развития "Нұрлы жер" на 2020 – 2025 годы.

      2. Государственному учреждению "Управление финансов Мангистауской области" (Беришбаев К.С.) обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции, размещение на интернет-ресурсе акимата Мангистауской области.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима Мангистауской области Краубаева А.С.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Мангистауской области С. Трумов