Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 "Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" және 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" қаулыларына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының келесідей шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:
1) шарттар:
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Шаңырақ" пилоттық жобасы бойынша кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органы шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;
2) көлемі – 4 038 037 000 (төрт миллиард отыз сегіз миллион отыз жеті мың) теңгеден аспайды;
3) нысаналы мақсаты - төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Шаңырақ" пилоттық жобасы бойынша кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.
2. "Маңғыстау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Қ.С. Берішбаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ә.С. Қыраубаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | С. Трумов |