Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 06.06.2022 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 "Өңірлендіру, аумақты аймақтарға, компартментке бөлу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6027 болып тіркелген) Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 176 "Маңғыстау облысы аумағын аймақтарға бөлу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3408 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
"пастереллез (барлық жануар түрі) бойынша – Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының аймақтары;";
сегізінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
"нодулярлық дерматит (мүйізді ірі қара) бойынша – Ақтау, Жаңаөзен қалаларының, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы және Түпқараған аудандарының аймақтары.".
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.
3. "Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ш.С.Хамиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.А. Қашақовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | С. Трумов |