Маңғыстау облысы аумағын аймақтарға бөлу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 176 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 тамызда № 3408 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 маусымдағы № 83 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 06.06.2022 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" заңдарына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 "Аумақты аймақтарға бөлу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6027 болып тіркелген) сәйкесоблыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Төмендегі аудандар мен қалалар аумақтары вакцинациямен қолайлы аймаққа жатқызылсын:

      күл (қой мен ешкі) бойынша – Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының аймақтары;

      пастереллез (барлық жануар түрі) бойынша – Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының аймақтары;

      алынып тасталды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 25.06.2018 № 156 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      сібір жарасы (барлық жануар түрі) бойынша – Ақтау, Жаңаөзен қалаларының, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының аймақтары;

      құтыру (барлық жануар түрі) бойынша – Ақтау, Жаңаөзен қалаларының, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының аймақтары;

      оба (түйе) бойынша - Ақтау, Жаңаөзен қалаларының, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының аймақтары;

      қарасан (мүйізді ірі қара) бойынша - Ақтау, Жаңаөзен қалаларының, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы,Түпқараған аудандарының аймақтары;

      нодулярлық дерматит (мүйізді ірі қара) бойынша – Ақтау, Жаңаөзен қалаларының, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы және Түпқараған аудандарының аймақтары.

      Ескерту. 1 - тармаққа өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 25.06.2018 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.10.2020 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      2. Маңғыстау облысының басқа(жоғарыда аталғаннан басқа) аумақтары вакцинациясыз қолайлы аймаққа жатқызылсын.

      3. "Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ш.С.Хамиев) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Е. Тоғжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақтау қаласының әкімі

      С.Ө. Трұмов

      "10"шілде2017 ж.

      Бейнеу ауданының әкімі

      Б.А. Әзірханов

      "10"шілде2017 ж.

      Жаңаөзен қаласының әкімі

      Е.Ж. Әбілов

      "10"шілде2017 ж.

      Қарақия ауданының әкімі

      Ә.Қ. Дауылбаев

      "10"шілде2017 ж.

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      Шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетінің Маңғыстау

      облыстық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесі басшысының

      міндетін атқарушы

      Б. А. Марқабаев

      "10"шілде2017 ж.

      Маңғыстау ауданының әкімі

      Ж.Қ. Айтуаров

      "10"шілде2017 ж.

      "Маңғыстау облысының

      ветеринария басқармасы"

      мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      И. Ә. Көшкінбаев

      "10"шілде2017 ж.

      Мұнайлы ауданының әкімі

      Н.Т. Тәжібаев

      "10"шілде2017 ж.

      Түпқараған ауданының әкімі

      Т.Т. Асауов

      "10"шілде2017 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады