Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 20.12.2024 № 11-07-3026 бірлескен қаулысы және Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 20.12.2024 № 18/114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Заңының 13 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Ақтау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақысын төлеу жөнінде жеңілдік, жеңілдікке құқығын растайтын құжаты болған кезде (айына алпыс реттен аспайтын), келесідей адамдардың жекелеген санаттарына белгіленсін:
төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар аналарға;
Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматтарына;
бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға;
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға;
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көпбалалы аналарға;
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан тұлғаларға.
Ескерту. 1- тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 20.12.2024 № 11-07-3026 бірлескен қаулысы және Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 20.12.2024 № 18/114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Қаржыландыру көзі қалалық бюджет болып анықталсын.
3. "Ақтау қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж. Құбашев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы бірлескен Ақтау қаласы әкімдігінің қаулысы мен Ақтау қалалық мәслихатының шешімінен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшы А. Хадиев) осы бірлескен Ақтау қаласы әкімдігінің қаулысы мен Ақтау қалалық мәслихатының шешімінің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы бірлескен Ақтау қаласы әкімдігінің қаулысы мен Ақтау қалалық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау Ақтау қаласының әкімінің орынбасары С. Гусманға жүктелсін.
6. Осы бірлескен Ақтау қаласы әкімдігінің қаулысы мен Ақтау қалалық мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік тiркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту:
аббревиатураның ажыратылып жазылуы:
"Чернобыльдағы АЭС" - "Чернобыльдағы атом электр станциясы".
Ақтау қаласының әкімі | Г.Ниязов |
Сессия төрағасы | М.Саугабаев |
Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы | С.Закенов |