Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 748 және Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 30/349 "Ақтау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Ақтау қаласының азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөнінде жеңілдік белгілеу туралы" бірлескен қаулысы және шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 11-07-3026 бірлескен қаулысы және Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 18/114 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 26 желтоқсанда № 4758-12 болып тіркелді

      Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ақтау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Ақтау қаласының азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөнінде жеңілдік белгілеу туралы" Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі №748 және Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 наурыздағы №30/349 бірлескен қаулысы және шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4186 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ақтау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) адамдардың жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөнінде жеңілдік белгілеу туралы";

      көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Ақтау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақысын төлеу жөнінде жеңілдік, жеңілдікке құқығын растайтын құжаты болған кезде (айына алпыс реттен аспайтын), келесідей адамдардың жекелеген санаттарына белгіленсін:

      төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар аналарға;

      Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматтарына;

      бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға;

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көпбалалы аналарға;

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан тұлғаларға.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтау қаласының әкімі А. Байпаков
      Ақтау қалалық мәслихатының төрағасы С. Закенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады