Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 05-10-592 ақпараттық хатының негізінде, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 370 "Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2695 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда "Маңғыстау" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Толегенова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары С. Гусманға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтау қаласының әкімі | Н. Қилыбай |