Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 05.11.2021 № 10/86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толу нормасы, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.
3. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.
4. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 39/444 "Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4062 болып тіркелген, 2019 жылы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы М. Сарыев).
6. "Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Ермуханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасының өкілеттігін жүзеге асырушы, | |
қалалық мәслихат хатшысы | С. Мыңбай |
Жаңаөзен қалалық мәслихатының | |
2020 жылғы 25 маусымдағы | |
№ 46/515 шешіміне 1 қосымша |
Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын
Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 05.11.2021 № 10/86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын:
1. Алаң, "Ақбұлақ" шағынауданы, Н. Марабаев саябағының жаны.
2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: "Ақбұлақ" шағынауданының Н. Марабаев даңғылынан Т. Алдашев көшесінің қиылысына дейінгі автокөлік жолы.
Жаңаөзен қалалық мәслихатының | |
2020 жылғы 25 маусымдағы | |
№ 46/515 шешіміне 2 қосымша |
Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толу нормасы, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 05.11.2021 № 10/86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толу нормасы, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес әзірленді.
2. Арнайы орын санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орында жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.
3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
4. Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынның шекті толу нормасы 1000 адам.
5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орында киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.
6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.
8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.
9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Жаңаөзен қаласының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
Жаңаөзен қалалық мәслихатының | |
2020 жылғы 25 маусымдағы | |
№ 46/515 шешіміне 3 қосымша |
Жаңаөзен қаласында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары
Ескерту. 3 қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 05.11.2021 № 10/86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Жаңаөзен қаласының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.