Ескерту. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 19.05.2022 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Жаңаөзен қаласының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.
2. "Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А. Баймағамбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Б. Ізғалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2021 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Жаңаөзен қаласы әкімі | М. Ибагаров |
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің | |
2020 жылғы 22 желтоқсандағы | |
№ 691 қаулысына қосымша |
Жаңаөзен қаласының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
№ | Елді мекендердегі салық салу обьектісінің орналасқан жері | Аймаққа бөлу коэффициенттері |
Жаңаөзен қаласы | ||
1 | Шаңырақ шағын ауданы | 1,6 |
2 | Шұғыла шағын ауданы | 1,7 |
3 | Жалын шағын ауданы | 1,55 |
4 | Самал шағын ауданы | 1,7 |
5 | Көктем шағын ауданы | 1,6 |
6 | Өркен шағын ауданы | 1,7 |
7 | Рауан шағын ауданы | 1,5 |
8 | Вокзал станциясы | 1,6 |
9 | Мұнайлы шағын ауданы | 1,45 |
10 | Арай шағын ауданы | 1,45 |
11 | Мамыр шағын ауданы | 1,3 |
12 | Бостандық шағын ауданы | 1,45 |
13 | Ақбұлақ шағын ауданы | 1,45 |
14 | Астана шағын ауданы | 1,4 |
15 | Бәйтерек шағын ауданы | 1,3 |
16 | Рахат шағын ауданы | 1,3 |
17 | Ақсу шағын ауданы | 1,55 |
18 | Жұлдыз шағын ауданы | 1,35 |
19 | Мерей шағын ауданы | 1,35 |
Қызылсай ауылы | ||
20 | Қызылсай ауылы | 1,45 |
Теңге ауылы | ||
21 | Теңге ауылы | 1,45 |