Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 14.02.2022 № 16/153 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 10 маусымдағы №05-10-1070 ақпараттық хатының негізінде, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. "Бейнеу ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" Бейнеу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 5 ақпандағы №32/266 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3818 болып тіркелген, 2019 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
Бейнеу ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларында:
10 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:
"10. Қалдықтармен жұмыс жасау барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.".
2. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ж.Оспанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Қайранов |
Бейнеу аудандық мәслихатының хатшысы | А. Улукбанов |