Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" заңдарына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бейнеу аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 26 мамырдағы №01-19/97 ұсынысының негізінде Сыңғырлау ауылы әкімінің міндетін уақытша атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Түйелердің арасында шешек ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Сыңғырлау ауылының тұрғыны Б.Қанатовтың жеке ауласына белгіленген карантин алынып тасталсын.
2. Сыңғырлау ауылы әкімінің міндетін уақытша атқарушының 2020 жылғы 15 сәуірдегі №01-05/02 "Карантин белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4194 болып тіркелген, 2020 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Сыңғырлау ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы (Ә. Мыңжанова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сыңғырлау ауылы әкімінің міндетін уақытша атқарушы | М. Есеров |