Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы әкімінің 17.04.2020 № 51(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарақия аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 09-18/08 ұсынысының негізінде Құрық ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. "Eр Сай Каспиан Контрактор" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында бір қараусыз мысықтың өлексесінде "Құтырық" ауруының пайда болуына байланысты Қарақия ауданының Құрық ауылында орналасқан "Eр Сай Каспиан Контрактор" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Құрық ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас маман (Е.Омирбаев) осы шешімнің Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Құрық ауылы әкімінің орынбасарына (Е.Құдайсүгіров) жүктелсін.
4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі | М. Тулегенов |