Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы әкімінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 14 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 қаңтарда № 4124 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы әкімінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 51 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы әкімінің 17.04.2020 № 51(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарақия аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 09-18/08 ұсынысының негізінде Құрық ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Eр Сай Каспиан Контрактор" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында бір қараусыз мысықтың өлексесінде "Құтырық" ауруының пайда болуына байланысты Қарақия ауданының Құрық ауылында орналасқан "Eр Сай Каспиан Контрактор" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Құрық ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас маман (Е.Омирбаев) осы шешімнің Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Құрық ауылы әкімінің орынбасарына (Е.Құдайсүгіров) жүктелсін.

      4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі М. Тулегенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады