Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 05.09.2022 № 14/150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, сонымен қатар Маңғыстау аудандық прокуратурасының 2020 жылғы 12 маусымдағы № 2-1105-20-00412 наразылығының және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 05-14-1046 ақпараттық хатының негізінде, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Маңғыстау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 наурыздағы № 36/406 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4168 болып тіркелген, 2020 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. "Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.".
2. "Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары А.Аққұловқа жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Үркімбаев |
Маңғыстау аудандық мәслихатының хатшысы | А. Сарбалаев |