Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 ақпандағы №34-қ "Мұнайлы аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" қаулысының 2 тармағының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2617 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е.Оспан) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Біләловке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұнайлы ауданының әкімі | Р. Елтизаров |