Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 34-қ "Мұнайлы аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік мекемесін құру туралы" қаулысының құрылымдық элементінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 сәуірде № 117-қ қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 мамырда № 4206 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 ақпандағы №34-қ "Мұнайлы аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" қаулысының 2 тармағының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2617 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е.Оспан) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Біләловке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұнайлы ауданының әкімі Р. Елтизаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады