"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қостанай облысының әкімі | А. Мухамбетов |
Әкімдіктің 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 11 қаулысына қосымша |
Қостанай облысы әкімдігінің күшi жойылған кейбiр қаулыларының тiзбесi
1. Қостанай облысы әкімдігінің "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 28 шілдедегі № 311 қаулысы (2015 жылғы 4 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5841 болып тіркелген).
2. Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 311 "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 10 тамыздағы № 378 қаулысы (2016 жылғы 15 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6614 болып тіркелген).
3. Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 311 "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 8 қарашадағы № 562 қаулысы (2017 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7348 болып тіркелген).
4. Қостанай облысы әкімдігінің "Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы әкімдіктің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 16 қаңтардағы № 10 қаулысы (2019 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8248 болып тіркелген).
5. Қостанай облысы әкімдігінің "Сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2016 жылғы 12 мамырдағы № 225 қаулысы (2016 жылғы 10 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6431 болып тіркелген).
6. Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 225 "Сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2016 жылғы 19 қыркүйекте № 433 қаулысы (2016 жылғы 17 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6634 болып тіркелген).
7. Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 225 "Сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 620 қаулысы (2018 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7417 болып тіркелген).
8. Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 225 "Сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 2 мамырдағы № 186 қаулысы (2018 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7795 болып тіркелген).
9. Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 225 "Сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 4 мамырдағы № 191 қаулысы (2019 жылғы 8 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8407 болып тіркелген).
10. Қостанай облысы әкімдігінің "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2016 жылғы 20 мамырдағы № 240 қаулысы (2016 жылғы 10 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6432 болып тіркелген).
11. Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 240 "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы № 606 қаулысы (2017 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7408 болып тіркелген).
12. Қостанай облысы әкімдігінің "Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 16 наурыздағы № 117 қаулысы (2018 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7699 болып тіркелген).