"Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 26 ақпандағы № 2408 ұсынысы негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақ белгіленсін.
2. Қостанай облысы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" 2014 жылғы 25 маусымдағы № 286 (2014 жылғы 5 тамызда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4952 болып тіркелген);
2) "Әкімдіктің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 286 "Карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 186 (2017 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7044 болып тіркелген).
3. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қостанай облысының әкімі | А. Мухамбетов |
Әкімдіктің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 87 қаулысына қосымша |
Костанай облысының аумағында карантиндік режим енгізілетін карантиндік аймақ
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 07.02.2022 № 49 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
№ | Аудандар мен қаланың атауы | Залалдану алаңы (гектар) | Өңдеу алаңы (гектар) |
1 | Алтынсарин | 48 431 | 1 117,287 |
2 | Амангелді | 9 655 | 345,652 |
3 | Әулиекөл | 51 457 | 137,0962 |
4 | Бейімбет Майлин | 25 529 | 674,138 |
5 | Денисов | 68 978 | 166,903 |
6 | Жангелдин | 203 | 199,2 |
7 | Жітіқара | 15 552 | 34,7324 |
8 | Қамысты | 6 617 | 26,90 |
9 | Қарабалық | 13 429 | 201,6249 |
10 | Қарасу | 130 815,2 | 582,9439 |
11 | Қостанай | 38 811 | 410,8194 |
12 | Меңдіқара | 25 042 | 57,0330 |
13 | Науырзым | 24 103,26 | 730,9610 |
14 | Сарыкөл | 43 076,0 | 91,0300 |
15 | Ұзынкөл | 33 356,4 | 139,3613 |
16 | Федоров | 49 579 | 592,21 |
17 | Арқалық қаласы | 64 420 | 447,7547 |
Облыс бойынша барлығы | 649 053, 86 | 5 955,6468 |