Карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 286 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 шілдеде № 4952 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 87 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 02.03.2020 № 87 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9–1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысының аумағында аудандар мен Арқалық қаласының кескінінде карантиндік объектілердің таралу ошақтарында карантиндік режимді енгізе отырып, қосымшаға сәйкес жалпы аумағы 802827,945 гектарда карантиндік аймақ белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Ш. Жақыповқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Агроөнеркәсіптік кешендегі

      мемлекеттік инспекция комитетінің

      Қостанай облыстық аумақтық

      инспекциясы" мемлектік

      мекемесінің басшысы

      _______________Б. Мейірманов

  Әкімдіктің
2014 жылғы 25 маусымдағы
№ 286 қаулысына қосымша

Арқалық қаласы мен аудандар бөлінісінде карантинді
объектілердің таралу ошақтарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 17.04.2017 № 186 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

р/с№

Аудандар мен қаланың атауы

Залалдану алаңы (гектар)

Өңдеуге арналған алаңы (гектар)

1

Алтынсарин

62887,55

2139,439

2

Амангелді

15637

447,28

3

Әулиекөл

50600

136,0996

4

Денисов

66443

172,5576

5

Жангелдин

5400

277,1531

6

Жітіқара

26922

50,514

7

Қамысты

11820

53,48

8

Қарабалық

14134,1

408,7609

9

Қарасу

130738,7

618,092

10

Қостанай

52283

511,91

11

Меңдіқара

29390

51,6848

12

Науырзым

22620

273,346

13

Сарыкөл

41316,5

78,284

14

Таран

33199

757,118

15

Ұзынкөл

37019,4

76,7866

16

Федоров

52876

615,4

17

Арқалық қаласы

57854

522,814


Облыс бойынша жиыны

711140,25

7190,7196

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады