Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 17.03.2021 № 113 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 8 хаттамасының 10.1-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:
1) шарттар:
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін облыстың жергілікті атқарушы органы шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;
сыйақының номиналды ставкасы: жылдық 4,25 %;
қарыз мерзімі: 22 (жиырма екі) айға дейін;
қарыз бойынша сыйақы төлеу: жартыжылда 1 (бір) рет;
негізгі қарызды төлеу: қарыз алушының бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен қарыз мерзімінің аяғында;
2) көлемі – 2 126 268 000 (екі миллиард жүз жиырма алты миллион екі жүз алпыс сегіз) теңге;
3) нысаналы мақсаты – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.
2. "Қостанай облысы әкімдiгiнiң қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) мемлекеттік бағалы қағаздардың шығарылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға жатады.
Қостанай облысының әкімі | А. Мухамбетов |