2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Қостанай балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шеберхана ғимаратын реконструкциялау" объектісі бойынша коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу мен пайдалану мақсатында, Қостанай қаласы, Красносельская көшесі, 19/2 мекенжайында орналасқан жалпы алаңы 0,0269 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | К. Ахметов |