"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Сотников |
Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы | Б. Сандыбеков |
Мәслихаттың 2020 жылғы 21 шілдедегі № 494 шешіміне қосымша |
Қостанай қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Мәслихаттың "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 12 шешімі (2016 жылғы 23 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6321 болып тіркелген).
2. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 12 "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 5 шілдедегі № 52 шешімі (2016 жылғы 26 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6551 болып тіркелген).
3. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 12 "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы" 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 428 шешімі (2019 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8844 болып тіркелген).
4. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 12 "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 31 наурыздағы № 466 шешімі (2020 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9076 болып тіркелген).