"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабы 1-тармағына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген) сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тұрғын үйлерде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысының мөлшері келесі мекенжайлар бойынша орналасқан:
Лисаков қаласы, 1-шағын аудан, 2-үй, 13-пәтер, бір шаршы метр үшін айына 5,4 (бес) теңге (төрт) тиын мөлшерінде;
Лисаков қаласы, 11-шағын аудан, 19-үй, 2-пәтер, бір шаршы метр үшін айына 60,1 (алпыс) теңге (бір) тиын мөлшерінде;
Лисаков қаласы, 12-шағын аудан, 11-үй, бір шаршы метр үшін айына 47,9 (қырық жеті) теңге (тоғыз) тиын мөлшерінде белгіленсін.
2. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лисаков қаласының әкімі | А. Исмагулов |