Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 31.08.2021 № 70 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі 19-1-бабының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Лисаков қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 3 тамыздағы № 132 шешіміне (2017 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7189 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысының м.а. | А. Демисенов |
Мәслихаттың 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 454 шешіміне қосымша |
|
Мәслихаттың 2017 жылғы 3 тамыздағы № 132 шешіміне қосымша |
Лисаков қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объекті | Есептік бірлік | Жылына 1 есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың жинақталу нормасы, м3 |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Жайлы үй иелігі | 1 тұрғын | 1,57 |
Жайлы емес үй иелігі | 1 тұрғын | 1,40 | |
2 | Жатақханалар, интернаттар, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,21 |
3 | Қонақ үйлер | 1 орын | 1,40 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,33 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,35 |
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,13 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,80 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,09 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,76 |
10 | Кинотеатрлар, концерт залдары | 1 отыратын орын | 0,04 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 м2 | 0,05 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,08 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,01 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,46 |
15 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м2 | 0,32 |
16 | Вокзалдар, автовокзалдар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,12 |
17 | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 0,08 |
18 | Автотұрақтар, автожанармай құю станциялары, гараждар | 1 машина-орын | 1,08 |
19 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,06 |
20 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 0,18 |
21 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,27 |
22 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 м2 | 0,05 |
23 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,07 |
24 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,16 |
25 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 0,04 |
Ескерту:
м3 - текше метр;
м2 - шаршы метр.