"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 01-20/39 ұсынысы негізінде Свердловка ауылы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Свердловка ауылында орналасқан Баимбаев Булат Жандаровичтің шаруа қожалығы аумағындағы ірі қара мал құтыруы бойынша шектеу іс – шаралары тоқтатылсын.
2. Алтынсарин ауданы Свердловка ауылы әкімінің 2019 жылғы 18 ақпандағы № 1 "Шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" шешімінің (2019 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8269 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Алтынсарин ауданы Свердловка ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Алтынсарин ауданы әкімдігінің ресми интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі | А. Балгужин |