Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Свердловка ауылы әкімінің 06.05.2020 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7 тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 01-20/167 ұсынысы негізінде, Свердлов ауылдық әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Свердлов ауылында орналасқан Баимбаев Булат Жандарович шаруа қожалығы аумағындағы ірі қара мал құтыруының эпизоотиялық ошағына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Алтынсарин аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық есендікке қол жеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралаларды өткізу ұсынылсын.
3. "Алтынсарин ауданы Свердлов ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жіберлуін;
3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Алтынсарин ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына орналастырлуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі | А. Балгужин |
"КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министірлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау
комитетінің Қостанай облысы
Қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Алтынсарин
аудандық қоғамдық денсаулық
сақтау басқармасы"
республикалық мемлекттік
мекемесінің басшысы
______________ А. Әуезбеков
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министірлігі Ветеринариялық
бақылау және қадағалау
комитетінің Алтынсарин
аудандық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________ Б. Бекбосынов
КЕЛІСІЛДІ
"Алтынсарин ауданы
әкімдігінің ветеринария
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________ А. Ергалиев