"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Амангелді ауылы халқының пікірін ескере отырып, Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Амангелді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Амангелді ауылындағы құрамдас бөліктерді:
1) Сырбай Мәуленов көшесі Абай Құнанбаев көшесі;
2) Абай көшесі Сырбай Мәуленов көшесі болып қайта аталсын.
2. "Амангелді ауданының Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Амангелді ауылдық округінің әкімі | Г. Жандильдина |