Амангелді ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 2 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 ақпанда № 8981 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Амангелді ауылы халқының пікірін ескере отырып, Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Амангелді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Амангелді ауылындағы құрамдас бөліктерді:

      1) Сырбай Мәуленов көшесі Абай Құнанбаев көшесі;

      2) Абай көшесі Сырбай Мәуленов көшесі болып қайта аталсын.

      2. "Амангелді ауданының Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Амангелді ауылдық округінің әкімі Г. Жандильдина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады